Германияның Аденау қаласында су тасқыны мен жаңбыр салдарынан алты үй құлады. Салдарынан кем дегенде 30 адам хабар-ошарсыз кетті. Тағы 25 үйге құлау қаупі төніп тұр. Полиция өкілінің айтуынша, жоғалып кеткендердің нақты саны әзірге белгісіз.