Галапагос аралдарында танымал табиғи тау жынысы Дарвин аркасы құлады. Ол табиғи эрозия салдарынан құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, тастардың теңізге құлауы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Дарвин аркасы – Тынық мұхитындағы Эквадордан батысқа қарай 563 миль (906 км) жерде орналасқан Галапагос аралдарының символдарының бірі.