Жалпы халықаралық ұйымдардың бұл мәселені көтеріп жатқанына көп болды. Жуырда сарапшылар «жер бетіндегі орташа температура біз ойлағаннан да тез жоғарылап бара жатқанын» айтып, шұғыл әрекет етуге шақырған. Ай соңында Шотландияның Глазго қаласында тиісті мәселеге қатысты БҰҰ-ның конференциясы өтеді. Жалпы климаттың өзгеруінің басты себебі - адамзаттың іс-әрекеті. Парниктік газдардың 78 проценті экономикасы жақсы дамыған әлемнің 20 еліне тиесілі екен. Алайда бар ауыртпалық дамып келе жатқан мемлекеттердің мойнына түседі. Бұған дейін оларға дамыған елдер 2020 жылға дейін 100 миллиард доллар мөлшерінде көмек көрсетіп отыруға келіскен. Алайда келісілген ақшаның тек бір бөлігі ғана бөлініпті. Тангуй Гахума, БҰҰ климаттық конференциясындағы африка делегациясының басшысы: – Бай мемлекеттер климаттың өзгеруімен күреске жыл сайын 100 миллиард доллар бөліп отыруға келісті. Бұл сөз ғана. Шындығында ол ақшаны көріп отырған жоқпыз. Бізге қанша қаржы қалай бөлінгені туралы нақты есеп қажет. Мұны қалай бақылауға болады? Климаттың өзгеруіне келгенде, Африка осал өңір саналады. Сондықтан бізде келіссөздер жүргізіп отыратындай уақыт жоқ.