Салтанатты шара Лондондағы Сент-Джеймс сарайында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған қазіргі премьер-министр Лиз Трасс, бұрынғы үкімет басшылары, министрлер мен Лордтар палатасының өкілдері қатысты. Монархтың таққа отыру сәтіне сонымен қатар, мыңдаған адам куә болды. Өйткені шара алғаш рет тікелей эфирден көрсетілді.