Жасанды интеллект технологиясымен тігілген икемді мата. Австралиялық инженерлер жасанды бұлшықет тәрізді текстильді ойлап шығарды. Мата талшықтары ішіне су құйылған силиконды түтікшелерден жасалған. Гидравлика көмегімен әлгі түтікшелер адамның бұлшықеті сияқты қозғалысқа келеді. Ғалымдар мұндай технологияны экзоқаңқа өндірісінде қолдануға болады дейді. Яғни осындай матамен қапталған қаңқа не киім адамдардың қан айналымын жақсартуға сеп болмақ. Ғалымдардың пайымдауынша, ақылды текстиль шамамен екі жылдан кейін жаппай өндіріске шығуы мүмкін. Тхань Нхо До, жоба жетекшісі: - Біз ақылды текстильдің түрлі қимыл жасап, әрқилы пішінге келуін бағдарлай аламыз. Яғни мата құрылымның 2Д және 3Д формасына қарай бейімделеді. Ал матаның өзі жұқа, икемді әрі созылғыш келеді.