413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҮИИДБ аясында іске қосылған 21 кәсіпорын тұралап тұр

  • 1608
  • UPD: 11:28, 22.02.2018

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында іске қосылған 21 кәсіпорын тұралап тұр.

Бұл жөнінде Инвестициялар және даму министрлігінің бұрынғы басшысы Әсет Исекешев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, индустрияландыру кезеңінің 6 жылында 900 жоба табысты жүзеге асты. Оның 70 пайызы тұрақты өндіріспен қамтылған. Тағы 74 кәсіпорын жартылай қуатта жұмыс істеп тұр. Әсет Исекешевтің сөзіне сүйенсек, биыл 800 млрд теңгенің тағы 120 жобасы іске қосылмақ. Олар өз кезегінде 14 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму экс-министрі:

- Бағдарлама тұрақтандыру рөлін атқарып жатқанын көріп отырмыз. Егер 2010-2014 жылдары жаңа кәсіпорындар өндірістің 10 пайызын ғана қамтамасыз етсе, дағдарыс дендеген шақта олардың өсімі байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 20 пайызға жетті.

Хабар 24 телеарнасы