378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҮИИДБ аясында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

  • 669
  • UPD: 11:29, 22.02.2018

Қызылорда облысында Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші 5 жылдығында 50 жоба іске асырылады.

Бұл мақсатқа 400 млрд-қа жуық теңге жұмсалып, 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жыл басынан бері межелі жоспардағы 5 жоба іске қосылып, 250-дей адам екі қолға бір күрек тапты. Мәселен, құрама жем, керамикаліқ кірпіш, лэд-жарықтандыру құралы өнідірісі мен үй құрылысы комбинаты алғашқы өнімдерін шығара бастады. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 9 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл ретте Технологиялық даму жөніндегі агенттік тарапынан арнайы гранттар беру тетігі қолданылмақ.  

Рауан Мыңбаев«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ аналитикалық орталық сарапшысы:

- Жобалар әр сала бойынша, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, шикізат өнімдері бойынша келіп түсті 2015-16 жылдарға. Гранттар беру саны белгіленбеген. Егер жобалар дәлелді және нақты біздің критерийге сәйкес болса, біз жобаларды қабылдаймыз. Сома бойынша ең көп грант түрі технологиялық саланың дамуына беріледі. 800 млн теңгеге дейін.

Хабар 24 телеарнасы