385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 66 мың қызметкер мемлекеттік аттестациядан өтті

  • 1001
  • UPD: 11:12, 25.07.2017

Биыл ел бойынша 66 мың қызметкер мемлекеттік аттестациядан өтті.

Үш кезеңнен тұрған сынақтың қорытындысы бойынша қатысушылардың 7,3 пайызы лауазымдарын көтеруге ұсынылған. Ал 91,4 пайызы тағайындалған қызметіне сәйкес деп танылған.

Айта кетейік, ақпанның алғашқы күнінде басталған сынақ маусым айының 30-ына дейін жалғасқан еді. Ұлт жоспарының 15-қадамын орындау шеңберінде «Б» корпусындағылардың біліктілігі сарапқа салынды. Кешенді аттестаттаудың негізгі мақсаты қызметкерлердің кәсіби дайындығының деңгейін анықтау. Сол арқылы мемлекеттік қызметте алға ілгерілету.

Нұргүл Жаназарова, ҚР МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаменті Мониторинг басқармасының басшысы:

– Осы үлкен үш құзыреттер тобының аясында қазіргі атқарып жүрген лауазымында осы қасиеттерді толық меңгерген бе, халыққа қызмет көрсетудің өзінде тұтынушыға бағдарлану деген бар, мемлекеттік қызметкерлердің әдептілікті сақтауы, басшылық лауазымда болса, стратегиялық ойлауының жоғары болуы, осының бәрі екінші кезеңнің аясында сарапталды.

Хабар 24 телеарнасы