415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты Г.Қарағұсова Алматыдағы №12 емханаға барды

  • 1775
  • UPD: 23:33, 25.07.2017

Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова Алматыдағы №12 емханада болып, медицинадағы соңғы жетістіктермен танысты.

Ғимаратта электронды тіркеу қызметі енгізілген. Бөлмелер соңғы технологиямен жабдықталған. Бұл емделушілерге жылдам әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Емхана 60 мың алматылыққа медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы. Дәрігерлермен кездесуде депутат Мемлекет басшысының «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша дәрігерлердің пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Гүлжан Қарағұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Бұрын бізде жүрек ақауына операция жасалмайтын. Оларды Ресейге немесе алыс шетелге әкететін. Қазір бұл мәселе шешімін тапты. Астана мен Алматы қалаларында арнайы орталықтарда мұндай операциялар сәтті жасалуда. Перинаталды орталықтар әлемдік стандарттарға қол жеткізді. 700 грамм болып дүниеге келген сәбилердің 80 пайызы салмақ қосып, отбасылардың қуанышына айналды. Мұның бәрі еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері.

Хабар 24 телеарнасы