419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының ғимараты толық жөнделеді

  • 1020
  • UPD: 23:31, 25.07.2017

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Алматыда сан түрлі мәдениетті жақындастыратын ұйымның ғимараты толықтай жөнделеді.

Бұған дейін Қабанбай батыр мен Қонаев көшелерінің қиылысындағы ескі ғимарат Республикалық кітап музейі болған еді. Жаңадан құрылған орталықта халықтар арасындағы қарым-қатынас, мәдени байланыс, әдеби үдеріс сынды мәселелерге терең мән беріліп зерттеледі. Мәдениетті жақындастыру арқылы түйіткілді мәселелер де ортақ шешім тауып, бірлік пен ынтымақты сақтау орталықтың негізгі міндеті саналады. Жалпы ұйымның жұмысы Елбасының «Рухини жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыруға бағытталады.

Карл Байпақов, Мәденитті жақындастыру орталығының директоры:

- Елбасы айтқандай өзіміздің тарихи құндылықтарымызды негізге ала отырып біз келешекке нық қадам жасаймыз. Өткенсіз бүгін жоқ. Сондықтан біздің міндетіміз еліміздің киелі де қасиетті жерлерін насихаттау арқлы рухини жаңғыру. Өзгелерге үлгі ету. Бұл орталық осы іспен айналысады.

Хабар 24 телеарнасы