Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандықтар ең төменгі жалақыдан кем еңбекақы алмайды

  • 1291
  • UPD: 15:02, 26.07.2017

Яғни жұмыскерлердің алатын ақысы 25 мыңнан төмен болмауы тиіс.

Былтыр қабылданған Еңбек кодексінде осындай норма көрсетілген. Бүгін бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкімет үйінде өткен брифингте мәлімдеді. Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа заңнамалық құжатта жұмыстан тыс уақытта және түнде жұмыс істегені үшін қосымша ақша төлеу де қарастырылған. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында еңбек қарым-қатынасын реттеу тетіктері көрсетілген. Мысалы кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында жасалатын келісімшартқа баса назар аударылады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Коллективті келісімшартты айтатын бослақ, жыл сайын қандай да бір көрсеткіштерге байланысты, мысалы көмір өндірісіндегі мекемелер өнімнің сатылғанына қарап, егер 5%-ға өнім көбейсе, онда еңбекақыны көтеру қажет деп бұл келісімшартта көрсетіледі.

Министр маусымның бірінен бастап бала тууына байланысты берілетін бір реттік жәрдемақының көлемі 20%-ға өскенін айтты. Бұдан бөлек зейнеттегі 2 млн азаматтың зейнетақысы да көбейді. «Ал 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы мен төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақыны біріктіріп, бір әлеуметтік көмек ретінде төленетін болады», – дейді Тамара Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Күнкөріс деңгейін ендігі жылы біз өзгерткелі отырмыз. Соның нәтижесінде күнкөріс деңгейінің көлемі 16%-ға өседі. Сондықтан азаматтардың алатын жәрдемақысы бүгінгі үш жәрдемақыны қосқан кездегі көлемнен 25%-ға жоғары болады. Бүгін 6 696 теңге көлемінде алып жатқан болса әр жан басына, ендігі жылдан бастап ол 9 мыңнан 12 мыңға дейін отбасының табысының көлеміне қарай көтерілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы