378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жаңа өндіріс орны ашылды

  • 1338
  • UPD: 11:25, 22.02.2018

Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қостанайда тағы бір өндіріс орны іске қосылды.

Өсімдік майын шығаратын жаңа зауыт өңірдегі ірі жобалардың бірі. Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы тәулігіне 20 тонна. Жоғары технологиялы зауыт өнімі Қазақстаннан тыс, шет елдерге де экспортталады.

Қостанай облысында өсімдік майын шығаратын сегіз кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарын биыл тағы біреу толықтырды. Жаңа өндіріс орыны күнбағыс майын өндіреді. Шемішке тазартылып, өңделіп, сығылып, дайын өнім болып шыққанға дейін бірнеше технологиялық желіден өтеді. Болашақта оны әлі де кеңейту ойлары бар.

Геннадий Бакай, өндіріс меңгерушісі:

- Алдағы уақытта өндірісті жарақтандыра түсу жоспарда бар. Тек күнбағысты ғана емес, басқа да майлы дақылдарды өңдеп, өнім алсақ дейміз. Сұйық май түрін де, көлемін де арттыруға мүмкіндігіміз бар.

Мұнда өнім сапасына аса маңыз беріледі. Жас технолог маман Александра Крылова шикізаттан майға айналғанға дейін аралықта бес мәрте сынама алып, тексерістен өткізеді.

Александра Крылова, технолог:

- Дайын өнімді көзбен де анықтап қарауға болады. Түсі ашық, таза, тұнбасы жоқ, яғни сапасы жоғары деген сөз. Бірақ біз мұны қосымша зертханалық тексеріске жібереміз.

Күнбағыс майы Қазақстан бойынша өткізіледі. Жақында алғашқы партиясы Ауғанстанға да жіберілді. Қазір өнімді экспорттауға Орта Азия елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жалпы биыл Тобыл өңірінде Үдемеллі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бес ірі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Ербол Сүлейменова, «Қазақинвест» ҰК АҚ аймақтық директоры:

- Тау-кен секторындағы жобаларымыз көп жылдың аяғына дейін бес жобамыз бар. Жылдың аяғына дейін 200-ден астам жұмыс орны ашылады.

Мұның сыртында ұзақ уақыт тұралап қалған «Комсомол» құс фабрикасын қайта жаңғырту биылғы жылдың жоспарында. Голландиялық инвестор Кеңес дәуірінен келе жатқан  кәсіпорынды қайта іске қосуға ниетті.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы