384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экспорттаушы және импорттаушы компаниялар үшін кедендік тәртіп жеңілдетіледі

  • 612
  • UPD: 16:38, 02.08.2017

«Астана 1» жүйесі толық іске қосылса, «жасыл дәлізге» тапсырылған кедендік декларация автоматты түрде шығатын болады.

Бірақ жаңа жүйе қауіп-қатерді анықтаған жағдайда, декларант көк, сары және қызыл дәлізге бірден жіберіледі. Қазір құжаттарды рәсімдеу мерзімі – екі сағат. Ал «Бір терезе» қағидасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Ол сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының уақытын 20 сағатқа үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаев мәлімдеді.

Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары кедендік құжаттарын енді не бәрі 4 сағатта рәсімдей алады. Қазір бұл тәртіп бір тәулікке дейін созылады. Сондай-ақ біз қазан айының бірінен бастап виртуалды қойма жүйесін енгіземіз. Бұл тауарды шекарадан өткен уақыттан оның саудаланған мерзіміне дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Қаржы министрінің орынбасары Елбасының Ұлт жоспары аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Бүгінде министрлік жауап беретін 8 қадамның үшеуі толық жүзеге асқан.

Руслан Бекетаев еліміздегі мүлікті жария етудің қорытындылары жөнінде де әңгімеледі. Былтыр 140 мың адам бас-аяғы 5,7 трлн теңгені заңдастырған. Оның ішінде 4,1 триллионы ақшалай, қалғаны мүлік түрінде.

Хабар 24 телеарнасы