384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда қымыз бен шұбаттан ұнтақ жасайтын зауыт салынып жатыр

  • 2338
  • UPD: 15:27, 03.08.2017

Қазақстан мен қытайлық компания  бірлесіп қолға алған жобаның жалпы құны 21 миллион АҚШ доллар. Зауыт жылына 33 мың тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Бұл еліміздегі баламасы жоқ алғашқы ірі кәсіпорын болмақ. Отандық өнім сәтін салса Тәуелсіздік күні шығарылады. Дәрумендік қасиеті бар ұнтақ әлемдегі алпауыт елдердің нарығына шығарылады. Бұл «100 нақты қадамда» Ұлт жоспарында айтылған сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға бағытталған,,, алғашқы стратегиялық инвестициялық жоба болып отыр.

Шұбат пен қымыздан ұнтақ жасайтын зауыт Қазақ тарихындағы ең ірі әрі алғашқы кәсіпорын болмақ. Шығыстағы алпауыт елдің кәсіпкерлері мен жергілікті іскер азаматтар істі бастамас бұрын ішкі нарықты толықтай зерттеп шыққан. Отандық өнімге әлемде сұраныс та жоғары. Ал,Түркістан тоғыз жолдың торабына орналасқан. Оған қоса өңірдегі бір өркешті Аруана сүтті көп береді және майлылығы жоғары. «Одан алынатын өнім түрі де көп болады»,-дейді мамандар. Өнім Қытай, Біріккен Араб әмірлігі мен Еңропа елдеріне экспортталады.

Жазира Озатқызы, бірлескен кәсіпорынның бас директоры:

- Түркістан бұл түйе шоғырланған аумақтың ортасы болып есептеледі.Яғни жан-жақтан жинауға логистикалық қолайлы.Бастапқы кезде 100 тоннаға жетпейді.Барынша жинаймыз.Ары қарай 1-2 мың бас түйе ұстаймыз. Одан әрі түйе сүтінен косметика, шампун, сабын қосу жоспарда тұр.

Бұл жоба еліміздің агро секторын дамытуға негіз болмақ .Өйткені кәсіпорын тәулігіне 100 тонна сүтті терең өңдеуге қауқарлы. Демек шұбат пен қымыз өзге облыстардан да тасымалданады.

Рухани астанадан зауыттың ірге тасының қалануы осы өңірдегі шаруаларға тың серпін берді. Өйткені әрбір фермер күні бүгінге дейін сұранысқа қарай сүт сауатын. Енді ауылдағы ағайын түйе санын арттырып ата кәсіпті жандандыруға құлшынып отыр.

Жәңгір Исмайлов, шаруа:

- Бұрынғыдай әр жерге барып біреуге 10 литр,біреуге 100,біреуге 30 литр өткізіп сандалмаймыз. 1-2 тонна болса да бір жерге өткіземіз біріншіден. Екіншіден осы өткізген сүтімізге  мемлекет үстеме ақы төлейді. 100 түйем болса соның қазір 40-ын ғана сауамын. Сұраныс болса бәрін саууға мүмкіндік бар. Бұл үлкен күш.

Түркістанның іргесіндегі шағын ғана Жібекжолы ауылының тұрғындары негізінен төрт түлік өргізіп,егін шаруашылығымен айналысады. Ауылдағы әрбір екінші үйде түйе сауады. Жеті атасынан бері ата кәсіппен айналысатын Әшенетер әулеті бұл шаруаға түбегейлі ден қойыпты. Енді ағайынмен бірігіп еңбек етпек.

Мұханбетғали Әшенов, шаруа:

- Мен жеке өзім болсам субсидия ала алмайын деп отырмын. Көп болып бір жерге өткізетін болсақ өткізген сүтімізге субсидия аламыз. Қазір той дейді тұмалақ дейді, батасы бар сүтке сұраныс көп. Оған біз үлгере алмай жатырмыз. 34үйде сауатын жігіттер бар. Көпшілік қосылған соң 1-2 тонна сүт шығарып қояды.

Түркістан негізі үш бағытта дамиды. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс және Туризм негізгі экономикалық қозғаушы күш болмақ. Өңірде Ұлт жоспарындағы 100 қадамның әрбіріне негізделген тындырымды шаруа бар. Ең бастысы жүйелі жоспар түзілген.

Әлібек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:

- Өндірісті дамыту бойынша Шымкенттен кейін екінші болып индустриялдық аймақ соққанбыз. Ол жерге 14 жоба орналастырылып отыр. Биыл тағы 4-5 жобаға инвестор тартып отырмыз. Ол электрод өндіру, Темір өңдеу, құрылыс материалы, Темір бетон. Қатты жиһаз жылына 28 мың корпус құрастырады. Ол жерде 100 адам еңбек етуде.

Түркістан қаласында алдағы уақытта тағы бір ірі жоба шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге аспақ. Полшалық кәсіпкерлер үйден шыққан қоқысты терең өңдейтін зауыт салуға ниет білдіріп отыр екен. Жалпы өңірге қаржы құямын деген инвесторға қажетті жер индустриялды аймақтан қарастырылып қойған. Бір сөзбен айтқанда Ұлы жібек жолы бойында орналасқан тарихи қалада Ұлт жоспарының жүйелі орындалып келе жатқаны көңіл көншітеді. 

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы