427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Өрлеу» бағдарламасымен атаулы әлеуметтік жәрдем алатын азаматтар саны көбейеді

  • 1364
  • UPD: 14:11, 08.08.2017

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Арман Өмірбаев хабарлады.

Оның айтуынша, қаржылай қолдау артады. Қазір бұл көрсеткіш 8 мың теңгені құраса, келер жылдан бастап 12 мыңға тең болады.

Естеріңізге салайық, жақында атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесі өзгереді. Енді қаражат бәріне бірдей емес, тек мұқтаж адамдарға ғана бөлінеді. Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан азаматтар да үкіметтің назарынан тыс қалмайды. Атап өтсек, «Өрлеу» бағдарламасы 2014 жылдан бері пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде оған 107 мың адам қатысты. Ұлт жоспарының 84-қадамында айтылған жоба қатысушыларының табысы 2 есе артқан.

Арман Өмірбаев, ҚР ЕХӘҚ министрлігінің департамент директоры:

- 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек көлемі өседі. Ол күн көріс минимумының 5%-ын құрайды. Бірақ егер отбасында еңбекке жарамды азаматтар болса, олар міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Ол үшін арнайы оқыту бағдарламасы бар. Яғни халыққа жаңа мамандық игеріп, жұмысқа орналасуына қолдау көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы