435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде қысқа мерзімді курстарға 27 мыңнан астам адам жіберілген

  • 1125
  • UPD: 14:23, 08.08.2017

1-ші сәуірден бастап еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен жұмысшы кадрларды кәсіби оқыту басталды. Министрлік пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылған.

Қазіргі уақытта ұлттық палатаның тізіліміне 39 кәсіпорын енген. Ал Алматы мен Қызылорда облыстарында жұмыс берушілердің оқу орталықтарында сабақ басталған. Сонымен қатар «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында биыл 400-ге жуық жоба қаржыландырылған.

Ғалия Жолдыбаева, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры:

– 5700 кәсіпкер дайындалып, оқудан шығартылып отыр. Соның арасында 4000 мыңға жуық бизнес жобалар жасалған. Ал «Бизнес бастау» оқу арқылы 380 жобаға қаржыландыру берілді. Жұмыс енді басталғандықтан, қазір жұмысты алмай кетті деген фактілер әзірге жоқ.

Хабар 24 телеарнасы