Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға 200 мыңнан астам адам ниет білдірді
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына биыл 85,3 млрд теңге қаралған. Ал оған қатысуға 276 мың адам өтініші білдірген.
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы 200 мың адам – жұмыссыз, ал 48 мыңы – екі қолға бір күрек тапқандар. Есептік кезеңде еңбекке қамтылған адамның 83 пайызы міндетті зейнетақы жарнасына ие. Бағдарламаның алғашқы бағытында техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімдегі кәсіби оқумен қамтамасыз ету көзделген.
