Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ырыс» қаржы ұйымы әлеуметтік саланы қаржыландыра бастады

  • 1341
  • UPD: 16:29, 08.08.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында өз кәсібін ашамын деген қала мен ауыл тұрғындарын «Жұмыспен қамту2020» бағдарламасы арқылы шағын несиемен қамтамасыз ету жұмыстары сәтті жүзеге асып келеді.

Өңірде қазір кәсіпкер саны артқан. 2009 жылы жұмысын бастаған «Ырыс» қаржы ұйымы бүгінге дейін 27 млрд теңгеден асатын 15 мың жобаны қаржыландырған.

Сағат Түгелбаевтың егіс алқабындағы бидай сабағын көтере алмай иіліп тұр. Енді ертең астыққа орақ түседі. Жыл басында іріленген кооператив мүшелері көктемгі егін егу жұмыстарына шағын қаржы ұйымынан 5 млн теңге несие алыпты. Агротехникалық талаптарды қатаң сақтаудың арқасында егін бітік шыққан.

Сағат Түгелбаев, Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы:

- 6% деген бұл біздер үшін тегін ғой. 5 млн теңгеге ұрығымыз жоқ еді, ұрық алдық. Жеңілдетілген жанар-жағармай алдық.Одан қалғанын өзімізде әлі техникаға жете алмай жатырмыз. Техника жалдауға тура келеді, соған жұмсадық.Көктемге шиқылдап жеткенде ақшаның жоқ кезі болады. Сол кезде өте тиімді.

Ал сайрамдық шаруа Ұлықбек Ырсалиев болса пайыздық үстемесі төмен несиенің арқасында ата кәсібін өркендетіп отыр. Осыған дейін саз балшықтан салынған үйі мен есік алдындағы қорасын қаржы құрылымдары кепілге алмаған болатын. Бұл мәселе де қазір шешімін тапқан. Енді бұрынғы шаштаразшы отбасылық кәсіп иесі атанды.

Ұлықбек Ырсалиев, шаруа:

- Шаруа жүргізіп кеңейту үшін кеңес алдым. Сол сәуірдің 4-інде «Ырыс» ұйымынан 5 млн алдым. Соған бордақы малымды көбейттім. Нәтижесі жаман емес. Әр партияда 10-12-ден өткіземіз жетілсе. 250 келіден орташа, 10-ы 2,5 тонна ет болады.

Тағы бір жағымды жаңалық несие ұйымы ауыл шаруашылығынан бөлек әлеуметтік саланы да қаржыландыра бастапты. Қазір берілетін қаржының пайызы төмендетіліп, көлемі 5 млн-нан 18 млн-ға дейін өсіпті. Оның ішінде мақта мен қауын-қарбыздың әр гектарына 100 мыңнан бастап 200 мыңға дейін несие берілу қарастырылған.

Берік Бекбенбетов, шағын қаржы ұйымының өкілі:

- Негізгі бағыт бізде ауыл шаруашылығы, сонымен қатар әлеуметтік сала. Ауылдан асхана, балабақша, шаштараздар ашамын деген жандарды қолдау. Мал шаруашылығы, егін, бал ара шаруашылығы көптеп келіп жатыр. Сосын терең өңдеу саласы.

2009 жылы жұмысын бастаған қаржы ұйымы осы аралықта 27 млрд теңгеден асатын 15 мың жобаны қаржыландырған. Шағын несие ұйымының арқасында осылайша бірнеше отбасы нәпақасын тауып отыр. Егер егініңіз шықпай не базардағы ет бағасы төмендеп кетсе несиені төлеу мерзімі ұзартылады. Тіпті қосымша қаржы алуға да мүмкіндік бар екен. Бір сөзбен айтқанда жұмыссыз жүрген азаматтардың өз ісін ашуларына жан-жақты жағдай қарастырылған.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы