476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркияда тараған коксаки вирусы елімізде анықталған жоқ

  • 1412
  • UPD: 14:57, 09.08.2017

Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева осылай деді.

Оның айтуынша, биыл 6 айда елімізде 26 инфекциялық ауру түрінен сырқаттану көрсеткіші төмендеген. Жыл басынан бері дертке қарсы екпе егу жұмыстары өткізіліп келеді. Сондай-ақ Ләззат Ақтаева балалар тегін инсулин сорғысымен қамтамасыз етіледі деді. Қазір бұл бағытта тауар өндірушілермен келіссөз жүріп жатыр.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Бірыңғай дистрибьютор амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде инсулин сорғысына қажетті материалдарды сатып алады. Қазір тауар өндірушімен келісім жасалды. Кеше тағы біреуі тіркелді. Енді 3 тауар өндірушімен келіссөз жүргіземіз. Бәсекелестік пайда болған кезде сатып алынатын материалдардың бағасы да арзандай түседі. Министрлік ата-аналардың алдында өзінің алған міндеттемелерін орындайды.

Ал соңғы 10 жылда елімізде жалпы өлім-жітім көрсеткіші мен қатерлі ісік індеті 20 пайызға төмендеген. Ана өлімі 4 есе, ал бала өлімі 1,6 есеге азайған. Қан айналым жүйесі ауруларынан қаза тапқандар саны 3 есеге кеміп отыр.

Хабар 24 телеарнасы