476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Білім саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында 71 млрд 700 млн теңге бөлінді

  • 1376
  • UPD: 12:00, 11.08.2017

Биыл еліміздің білім саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында Ұлттық қордан 71 млрд 700 млн теңге бөлінді. Оның 26 млрд 500 млн теңгесі игеріліп, былтыр басталған жобалар арқылы 53 мектептің құрылысы аяқталды.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте еліміздің Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова хабарлады.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– 45 млрд 200 млн теңге көлеміндегі қаражатқа тағы 56 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Өңірлерге бөлінген 41 млрд 1 млн теңге көлеміндегі қаражаттың бүгінде 94 пайызы игерілді. Жыл басынан санағанда еліміздің өңірлерінде 7 мектеп пайдалануға берілді. Министрлік тарапынан ай сайын мониторинг жүргізіліп келеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» жобасы бойынша электр желілерін тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Электр қуатының тапшылығы байқала бастаған оңтүстік аймағы үшін бұл – аса маңызды бағыт. Жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі 500 киловаттық «Екібастұз-Шүлбі» су электр стансасының жұмысы былтыр мерзімінен бұрын аяқталды. Құны 53 млрд теңге болатын жобаны «Кегок» компаниясы қаржыландырды.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

– «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиттік дәлізінің екінші кезеңі Ақтоғай, Талдықорған және Алматы қалаларын байланыстыратын, қуаттылығы 500 киловаттық «Шүлбі» су электр стансасы желісінің құрылысы болмақ. Жоба құны 105,5 млрд теңге. Қаржыландыру компанияның өзінен бөлек, бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры арқылы жүргізіліп жатыр. Бүгінде жалпы ұзындығы 883 шақырым болатын электр желісінің жартысы аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы