420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жаңа жоба іске асырылмақшы

  • 1078
  • UPD: 21:37, 10.08.2017

Еліміздегі автокөлік жолдарының тұтас және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызды бағыты.

Осы міндетті жүзеге асыруға «Қазжол» ғылыми-зерттеу институты да үлкен үлес қосып отыр. Отандық ғалымдардың ұсынып отырған тың жобаларының бірі барлық жолдардың бірегей электрондық картасын жасау. Сол үшін жаңа технологиямен жабдықталған жылжымалы диагностикалық зертхана алынған.

Бауыржан Жексенбеков, диагностика бойынша жетекші инженер:

– Жолдың диагностикалық түсірілімі жүргізіліп жатыр. Үш сканер арқылы осыларға қарап отырып, жолдың жарықтарын қарауға болады. Кедір бұдыр тұстары да бар.

Жылыжымалы зертхана жүріп келе жатып, бірден жолдың жай-күйін бағалап, лазерлік  көшірмесін жасайды. Келесі көлік автоматты түрде жол төсеніштерінің тығыздығын анықтайды. Бұл жаңа жүйе жөндеу жұмыстарына кететін шығынды барынша 10-нан 22 пайызға дейін үнемдейді.

 Ербол Айтбаев, «Қазжол ҒЗИ» АҚ вице-президенті:

– Анализ жасау арқылы қай жолды, қай уақытта жөндеу керек, оған қандай материалдар қолдану керек, сол ұсыныстарды беріп отырамыз. Қаражат есептеліп бәрін беріп отырады.

Жоба жетекшілерінің мақсаты, осы жүйемен Қазақстан жолдарын толық зерттеп шығу. Соның негізінде экономикалық талдау жасалады.

Асылан Сембаев, жоба кеңесшісі:

– Еліміздегі барлық жол, көпірлердің сараптамалық деректері көрсетілген бірегей орталық база құрсақ дейміз. Сонда әркім қанша, қайда жұмсалып жатқандығын біліп отырады.

Жаңа жоба алдымен Қостанай облысында іске асырылады. Қазір келісім құжаттары дайындалып жатыр. Мамандар озық тәжірибе таяу арада өз жемісін беретіндігіне сенімді.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров

Хабар 24 телеарнасы