476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысының халқы мемлекеттік бағдарламамен несие алуға кірісті

  • 930
  • UPD: 15:02, 11.08.2017

Павлодар облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жеке ісін дөңгелетуге ниет білдірген бір топ азамат несие рәсімдеуге кірісті. Елуге жуық тұрғын мемлекеттік қолдауға ие болмақ. Жалпы өңірде биыл шағын бизнесті несиелендіруге 400 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығына келген халықтың қарасы қалың. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріп, несие алудан дәмелі.

Наталья Тягнибеда, екінші деңгейлі банктің облыстық филиалының директоры

- Ең бастысы бағдарламаға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар саны азайды. Кәсіпкерлерге «Даму» қоры қолдау көрсетіп, кеңес береді.

Шағын бизнестің тамырына қан жүгіртетін несие алу талаптары барынша оңтайландырылған. Минималды пайыздық үстемесі бар. Сонымен қатар, негізгі қарызды бір жарым жылдан соң төлеуге болады. Бағдарламаның тиімді тұсы да осы.

Айза Аманбаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының бас маманы:

- Жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сонымен қатар кәсіпкерлер несие ала алады. Кредит бес жылға беріледі. Кәсіпкерлер 18 млн теңгеге дейін несие ала алады. 

Несие алуға ниет білдіргендердің көбі мал шаруашылығын дамытқысы келетіндер. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде қарыз алушы анықталған. Олардың басым бөлігі бизнесін енді бастаған азаматтар.

Малай Ниязхан, жергілікті тұрғын:

- Несие бойынша құжаттарды өткізіп, өз кәсібімізді ашамыз деп. Несиеден алған ақшаға жылқы малын алып, жемдеп, бағамыз деген ойдамыз.

Жыл соңына дейін бағдарлама аясында 127 млн теңге игерілмек. 

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы