385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы бойынша 7 мың адам жұмыспен қамтылады

  • 979
  • UPD: 13:30, 12.08.2017

 

Жыл аяғына дейін Қызылорда облысы бойынша 7 мың адам жұмыспен қамтылады.

Бұл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Қазір өңірдегі 6 кәсіпорында 120 адам оқытылып жатыр. Қайта даярлау бағдарламасының қатысушылары  3 айлық курстан соң сол мекемеге жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Оқу кезінде олар жолақы, шәкіртақы және жатын орнымен қамтылады.

Қызылордалық 45 жастағы Айгүл Кәрімбаеваның алғашқы мамандығы – есепші. Бірақ көпбалалы ана 15 жылдан бері жұмыссыз отырып қалған. Нәтижелі жұмыспен қамту жайлы газет беттерінен оқып білген ол ойланбастан бағдарламаға қатысуды ұйғарады. Қазір облыс орталығындағы ірі қоғамдық тамақтану мекемесінде аспаздық шеберлігіне машықтанып жүр.

Айгүл Кәрімбаева, бағдарламаға қатысушы:

- Сұйық 1-тамақтарды жасауды үйрендік. 2-тағамды жасауды және көкөністерді сұрыптауды да үйрендік. Оларды тағамға, салатқа қалай пайдалану керектігін меңгердік және балық тағамдарын да жасап көрдік. Ай сайын бізге 21 600 тг шәкіртақы төлейді. Онысы да жақсы бізге жолақымызды шығарып отырамыз. Сонысымен өте тиімді бағдарлама.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қысқамерзімдік кәсіптік оқыту бағытына сәйкес азаматтар 25 мамандық бойынша 14 колледж бен 4 оқу орталығына жолданады.

Мұрат Ергешбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Кәсіптік техникалық оқыту бойынша қаражат қаралған. Ол 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады. Оған 1 200 адам қатыстыру жоспарланып отыр. Келесі бағытта шағын несиелендіру мәселесі. Шағын несиелендіру мәселесі бойынша бізде 2,2 млрд теңге қаражат қаралған. Бұл 202 млрд теңге ішінде 700 млн-нан астам қаражат бөлінді. 48 адам несие алды.

Республика бойынша алғаш болып жұмыс берушілердің оқу орталықтарында аспаздармен қатар тігіншілер де оқу процесін бастап кетті. Алдағы уақытта бағдарламаға тағы 11 кәсіпорын қосылады деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы