429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустриалды карта аясында ашылған Семейдегі темірбетон зауыты 465 өнім түрін шығарады

  • 1037
  • UPD: 19:29, 13.08.2017

Семейдегі темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт – индустриалды карта аясында ашылған нысан.

Қазір мұнда «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы салынып жатқан тұрғын үй, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға қажетті құрылыс материалдары шығарылып жатыр. Кәсіпорын жыл сайын қуатын арттырып, жаңадан жұмыс орындарын ашумен келеді. Әсіресе жас мамандарға жол ашық.

Анна Котова Семейдегі құрылыс колледжін тамамдап темірбетон бұйымдарын шығаратын зауытта тәжірибеден өткен. Жас маман іскерлігімен көзге түсіп, осында жұмысқа қабылданыпты.

Анна Котова, жас маман:

– Колледж бітіріп, жұмысқа тұрғаныма 6 ай болды. Алғашқыда қиындау болғанымен, ұжымдағы тәжірибелі мамандар білмегенімді үйретіп, ақыл-кеңестерін аяған жоқ. Қазір ысылып қалдым, өйткені құрылыс материалдарының сапасын бақылау – өте жауапты жұмыс.

Италиялық қондырғылар өнімнің сапасын жоғары ұстауға кепілдік береді. Жас мамандар шетелдік құрал-жабдықтың қыр-сырын әбден меңгерген. Бір жыл бұрын мұнда 78 адам еңбек етсе, қазір олардың саны 104-ке жетіпті.

Қанат Ботабеков, зауыттың өндіріс басшысы:

Құрылыс колледжімен келісімшарттамыз. Олардан бізге студенттер келіп тұрады. Бүгінде көпір кранының машинисі, лаборант, инженерлерді өзіміз үйретіп, келешекте өзімізге жұмысқа қалтырамыз ба деген ойымыз бар.

Отандық сапалы өнімдер Шығыс Қазақстан облысындағы ғана емес, көршілес Павлодар облысындағы әлеуметтік нысандар құрылысына жөнелтіліп жатыр. Қазір кәсіпорында темірбетон бұйымдарының 465 түрі шығарылады. Жыл соңына дейін тағы 10 шақты жаңа өнім шығарып, тағы 20 адамға жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы