387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сот саласындағы жаңашылдықтар елімізге инвесторларды тартуға көмектеседі

  • 1205
  • UPD: 15:01, 14.08.2017

Сот жүйесіндегі жаңашылдық пен үздік халықаралық стандарттардың енгізілуі қазақстандықтармен қатар инвесторлар үшін де тиімді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау барысындағы оңтайлы шешімдер соның айғағы. Бұл ретте Жоғарғы Сот жанынан арнайы құрылған Халықаралық кеңес тиімділігін көрсетті. Сот саласының мамандары санаулы уақыттың ішінде жаңашылдықтың жағымды тұстарына куә болғанын айтады.

Инвесторлар ел игілігі үшін, жаһандану заманында жан-жақты даму үшін қажет екендігі бүгінде баршаға белгілі. Оны дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттердің тәжірибесінен жиі байқаймыз. Сол себепті де Елбасы ел экономикасын көтеру жолында инвесторларға барынша жағдай жасау қажеттігін жіті тапсырған болатын. Қомақты қаржы құюға ниеттілер еш нәрсеге алаңдамай, ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс. Бұл мәселе Ұлт жоспарының 23-қадамында жан-жақты айтылып, бүгінде жүйелі жүзеге асып отыр. Сәйкесінше Жоғары Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқа құрылған. Демек, мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы түйіткілдердің түйінін тарқату үшін барлық жағдай жасалды десек артық емес.

Айгүл Қыдырбаева, ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрайымы:

– Сот саласында жүргізілген тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде биыл инвесторлар тарапынан Жоғарғы Сотқа арызданғандар болған жоқ. Ол дегеніміз құқықтық даулардың бір ізге түскендігін айғақтайды. Біз инвесторлармен жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Жаңашылдық шетелдіктердің сенімін арттырып қана қоймай, оларға алаңсыз жұмыс істеуге жағдай жасады. Негізінен инвесторлар энергетика, экологияға қатысты мәселелермен жүгінеді.

Мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қуанышбайқызының сөзін құқық саласының мамандары да құптап отыр. Инвесторларды мүлік салығы сынды жеңілдіктермен қатар заңнамалық тұрғыдағы кепілдіктер де қызықтырады. Ал мұның барлығы жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап ретінде бекітілген құжатта анық айқындалған.

Бахтияр Бөлеулиев, заң ғылымдарының докторы, профессор:

Бұл қадамдардың бір мақсаты инвесторлардың Қазақстанға деген сенімділігін арттыру. Егер де инвестициялық сенім артатын болса, елімізге қаражат келеді, жұмыс орындары пайда болады, бюджетімізге салық түседі, салық түскеннен кейін қарапайым адамның өмірі жақсарады. Бұл өте пайдалы, бұл өте тиімді.

Ұлт жоспарының 25-ші қадамы аясында Жоғарғы Сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын Халықаралық кеңес те құрылған. Бастаманың басты міндеті еліміздің сот саласына өркениеті өрге озған елдердің теңдесіз тәжірибесін енгізу еді. Кеңестің құрамы 15 сарапшыдан құралған. Оның 7-уі халықаралық және 8-і ұлттық. Олар Қазақстандағы соттардың әр ісі сапалы әрі нәтижелі болуына көмектеседі. Заң саласындағы реформа сот істеріндегі ахуалдың жақсаруына сөзсіз өз үлесін қосқан.

Айгүл Қыдырбаева, ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрайымы:

– Халықаралық кеңес мүшелерінің мол тәжірибесі біздің механизімді жаңа белеске көтерді. Себебі олардың сот саласындағы тәжірибесі мол. Халықаралық кеңес қазақстандық судьялардың тәуелсіздік кепілін нығайтуға ниетті.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру арқылы еліміздің беделі артып, халқымыз жарқын болашаққа жол бастады. Ендігі меже алға қойылған міндетті мінсіз атқарып бәсекеге қабілетті 30 елдің қатыран табылу.

Авторлары:Елдар Бақпаев Жандос Битабаров 

Хабар 24 телеарнасы