423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы жоғары қарқынмен іске асып жатыр

  • 919
  • UPD: 16:52, 18.08.2017

Талдықорған қаласында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асу қарқыны жоғары.

Биылдың өзінде шаһарда  104 мың шаршы метрге  тұрғын үй салу көзделген. Қазір, құрылысқа  құйылған инвестиция көлемі  14 миллиард теңгеден асқан. Ал, жеке инвесторлар есебінен  аймақта 205 пәтерлі  5 көп-қабатты  үй салынып жатыр. Қазір 11 үйдің құрылысы  аяқталуға жақын. Бұл кезегін күткен  мыңдаған талдықорғандықтың  қоныс тойын  тойлайтын күнде  алыс емес деген сөз. Сонымен қоса  биыл қалада  зәулім үйлер қалашығының  құрылысы басталмақ. Онда 607 үй бой көтереді.  

Бағдат Қарасаев, қала әкімі:

- Қазір қаланың оңтүстік-батыс ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 64 пәтерлі үш үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ендігі басты міндет – оларды уақытында тапсыру.

Хабар 24 телеарнасы