386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы Хан төбе кесенесі киелі жерлер картасына енді

  • 1624
  • UPD: 15:29, 20.08.2017

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жасалған еліміздің киелі жерлер картасына Ақмола облысынан 11 ескерткіш енді. Солардың бірі Хан төбе кесенесі.

Бұл Абылайханның үлкен ұлы, Шоқан Уәлихановтың атасы Уәли ханның мазары. Ескерткіш 2008-ші жылы тұрғызылған. Қазір кәсіпкерлердің көмегімен бұл жерде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 7 млн теңге жұмсалған. Қазір кесене саяхатшылардың жиі келетін орнына айналған. Әрі облыс орталығынан да алыс емес. Небәрі 20 шақырым жерде.

Айта кетейік, Уәли хан өз заманында 30 жыл бойы Орта жүзді басқарған. Ал тарихта өз туған жерінде жерленген жалғыз билеуші.

Сансызбай Мұқитанов, Уәли ханның ұрпағы:

– Біз Уәлидің інісі Шыңғыстан тараймыз. Абылайхан менің алтыншы атам болады. Біз ерте уақыттарда, жас кезімізде білмедік. Абылайхан, Уәли хан, атамыз Шыңғыс сұлтан кім болғандары жайлы естелік кітап жазғанмын.

Борис Козлов, кәсіпкер:

– Мемлекет бізге барлық жағынан көмектесіп жатыр. Бизнеске деген қолдау да күшті. Сондықтан біз өзіміздің туған жерімізде осындай ізгі іс жасауға міндеттіміз. Артымызда із қалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы