loader


Игілікті жобаларға инвестиция тартылып жатыр

«Тех Гарден» қоры 2015 жылдан бері инновациялық инфраструктураны дамыту мақсатында шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс істеп келеді.

Нәтижесінде 40 ірі өндірістік жоба мақұлданған. Қазірдің өзінде соның орнына инвестиция тартылып, 7 шетелдік компаниямен келісімшарт жасалды. Бұл жобалар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады.

Елімізге табыс әкеледі деген тың жобалар «Алатау» Инновациялық технологиялар паркінде жүзеге асырылады. Мақсат – жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өндірісті дамыту. Қазіргі уақытта 40 жоба іріктеліп, оларды қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр.

Асқар Сембин, ИТП дербес кластерлік қоры бас директорының орынбасары:

Жобаларды қаржыландыру үшін  біз шетелдік венчурлық қорлармен келісімшарт жасадық. Оның барлығы өндіріске енгізуге толық дайын. Қазіргі уақытта компанияны коммерциализациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Инновациялық технологиялар паркінде 155 компания жұмыс істейді. Биылғы 1-ші жартыжылдықта 15,3 миллиард теңгенің тауары өндірілген. Мәселен Жапония мен Американың алдыңғы қатарлы технологияларымен жабдықталған «ЭЛТЕКС Алатау» зауытында күніне 2000 дана отандық байланыс қызметіне қажетті сандық өнімдер шығарылады. Отандық өнімді Ресей, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортқа шығарыла бастады.

Роман Ким, өндіріс басшысы:

– Бизнес жобаларды жүзеге асыруда еркін экономикалық аймақ көп мүмкіндік берді. Мұнда өндірістік алаңдар жалға беріледі. Сондай-ақ кедендік рәсімдеуде бірқатар жеңілдіктер бар.

2020 жылға қарай ірі трансұлттық компаниялармен бірлесіп Инновациялық технологиялар паркі аумағында ІТ қала салынбақ. Онда «ақылды» индустрия, аддитивті машина жасау және Қаржы технологиялары орталықтарын құру жоспарланған.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Геннадий Лукин

Сондай-ақ...