429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да шағын және орта бизнес саласы қанатын кеңге жая бастады

  • 1172
  • UPD: 15:27, 21.08.2017

Бұл – қарапайым халық мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көре бастады деген сөз. Әсіресе, ауылды жерлерде кәсібін дөңгелеткен азамаматтардың саны артып отыр.

Еркін Алпысбаевтың аяқ-киім тіге бастағына жарты жылдан астам уақыт болды. Қажетті материалдардың барлығын көршілес Ресейден сатып алады. Көп жылдар бойы теміржол саласында еңбек еткен азамат енді жаңадан шеберхана тұрғызуды жоспарлап отыр. Ол үшін мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, өз ісін одан әрі дамытпақ.

Еркін Алпысбаев, шебер

– 49-ға келіп, енді өз арманым орындалды деп ойлаймын. Қазір өзімше істеп жатырмын. Кісілерге ұнайды. Тапсырыс береді. Ақырын істеп жатырмын. Сапасы жақсы. Грант алсам, жаңа қондырғылар, жаңа материалдар алып, өзімнің кәсібімді дөңгелетуге тырысып жатырмын.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шарапатын қазір ауылдықтар сезіне бастады. Солардың бірі Анастасия Швецова. Іскер азаматша мемлекеттен 6 млн теңге несие алып, өз ісін ашты. Арнайы қондырғы сатып алып, қазір ауданда құбыр төсеумен айналысуда.

Анастасия Швецова, кәсіпкер:

– Жаңа құрылғы құбырларды көлденеңнен бұрғылау арқылы салады. Мұндай тәсіл біздің ауданда бұрын-соңды болған емес. Бастысы тапсырыс күннен-күнге артуда. Әзірге 3 адам еңбек етеді. Олардың барлығы Ресейде арнайы оқып келді.

Жалпы, үстіміздегі жылдың жарты жылдығында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыста 16 млн теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.

Әліби Мирхамидов, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

– 2016 жылдың өзінде аудан бойынша 35 ірі кәсіпорын мемлекет тарапынан 2 млрд теңгеге жуық қолдау алды. Және де биылдың өзінде осы 35-36 жоба іске асады деп жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі күні тек Ғабит Мүсірепов ауданында 2000 астам кәсіпкер бар. Олардың 60 пайыздан атсамы мемлекет қолдауын айқын сезінгендер.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы