loader


СҚО-да прокурорлардың сотқа қатысу дерегі азайып келеді

Мәселен, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл қадағалаушы орган қызметкерлерінің сотқа қатысуы 30 пайызға қысқарған. Яғни аймақта жарты жылдың қорытындысы бойынша 25 мыңнан астам азаматтық іс қаралған.

Мұндай жаңашылдық аймақта «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» аясында жүзеге асып отыр.

Аймаққа жұмыс сапарымен келген Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров прокурорлармен кездесіп, жаңа реформа жайын талқылады. Вице-спикер кездесу барысында қоғамдық кеңестердің қызметі нығайып, олардың пәрмені артып келе жатқандығын да тілге тиек етті. Айта кету керек бүгінгі күні елімізде 229 қоғамдық кеңес жұмыс істеп тұр.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

Сот процесінде прокурордың қатысуы қазір азайып жатыр. Оның себебі неде? Оның себебі біздің қоғам құқықтық мемлекетке айналып, әрбір азамат өзінің құқын өз деңгейінде қорғай алады. Өзінің құқын біледі, өзінің міндетін біледі. Оны жүзеге асыру үшін прокурорды сүйреп жүрудің қажеттілігі жоқ. Өйткені біздің мемлекет, қоғам келесі кезеңге аяқ басты. Сондықтан «100 қадамда» осы мәселе қойылған.

Сондай-ақ...