424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның ауылдық жерлерінде көпқабатты және шағын пәтерлі үйлер салу көзделген

  • 891
  • UPD: 10:03, 24.08.2017

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 10,5 миллиард теңге қаржы жұмасалады.

Ауылдық жерлерде 10 көпқабатты және 200 шағын пәтерлі үйлер салу көзделген. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірде жолдар жөнделіп, мектептердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге инфрақұрылымды жаңғырту бойынша да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Нысандардың құрылысына қажетті қаржыны дер кезінде бөлу мен игеруде іркіліс жоқ. «Дегенмен тендерлер уақытылы өткізілсе, ұтарымыз аз болмайды», дейді құрылыс кәсіпорындарының өкілдері.

20 жылдық тәжірибесі бар ірі өндірістік кәсіпорын жол, көпір және ғимараттар құрылысын сапалы орындап келеді. Олардың алдағы жылға арналған жұмыстарды нақты жоспарлап, қойылған міндетті мінсіз атқара беруі үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілуі тиіс. «Болашақта осы саладағы ұсыныстарды ескеретін боламыз», деді Батыс Қазақстан облысын аралап жүрген Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов.

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мысалы, ақша деген қаңтар айында бюджеттерден өтіп шықса, құрылысшыларға жеткенге дейін жаздың ортасы болады. Үлгермей жатады. Кейін ауа райы бұзылған соң, әрине, асығыс болады, жұмыстың сапасы кетеді. Міне, осы мәселені реттеу керек болып тұр. Заңға өзгеріс енгізуді талап етеді, тиісті министрліктің қаулыларына өзгеріс енгізу керек. Соны біз ертең барғаннан кейін бастарымызды қосып, біз айналысып көреміз.

Хабар 24 телеарнасы