427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий теңізін мекен ететін су жәндіктері мен хайуанаттарының көрмесі ұйымдастырылды

  • 2112
  • UPD: 12:09, 24.08.2017

Каспий теңізі жағалауының табиғаты бай, жері көне тарихи құнды жәдігерлерге толы.

Алайда туған жердің осынша байлығын жергілікті тұрғындар да біле бермейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік туды. Облыстық тарихи өлкетану музейі жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына арнайы көрме ұйымдастырды. Мұнда теңіз жағалауын мекен ететін құстар мен хайуанаттар, су жәндіктерінің экспонаттары қойылған.

Атап айту қажет, Каспий теңізі бойында құстың 292 түрі, оған қоса жүздеген жабайы жануар мен 122 балық түрі бар. Көпшілікті әсіресе бүгіндері жойылып кеткен немесе өте сирек кездесетін су жәндіктері қызықтырды. Сонымен қатар облыстық мұражайда мектеп оқушылары мен студент жастар үшін туған жер тарихы, оның флорасы мен фаунасын насихаттайтын танымдық, тағылымдық сабақтар жиі өткізіліп тұрады.

Эльмира Мұхамбетқалиева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

– Жас буын өкілдерінің бойында осы өлкеміздің табиғатын көзінің қарашығындай сақтауға, сүюге және де осы өскелең ұрпақтың туған өлкемізде кездесетін аң-құстарды, өсімдіктер әлемін, балықтар әлемін, жалпы осы өлкеміздің жасыл желегін қорғауда оларды сақтауда мұраждайдың берері өте көп, тәлім-тәрбиесі өте көп.

Хабар 24 телеарнасы