426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құқық қорғау қызметін жетілдіру адамдардың сотқа дейін ортақ мәмілеге келуінен көрінуі тиіс

  • 869
  • UPD: 23:17, 24.08.2017

Құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық процесті реформалаудың негізгі жолдары орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқыланды.

Жоғары соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ерден Әріпов және Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов заңның үстемдік етуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жаңа кезең жайында айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша реформа жүргізудің жолдарын нақтылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Жаңашылдық қылмыстық процестегі адам құқығын қорғауды нығайтуда, тараптардың сотқа дейін ортақ мәмілеге келуінде көрініс беруі тиіс. Соттық бақылауды кеңейту, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп алуды әрі қайталануларды болдырмауды да негізге алады.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас Прокурорының орынбасары: 

- Қылмыстық сала процесі де әрдайым жаңғыртуды талап етіп отыр. Ең басты мәселе Елбасы бастап берген құқықтық саясатты ілгері жалғастыру, оның ішінде қылмыстық процесті жетілдіру, адамдар құқығын қорғауды нығайту және қазіргі қылмыстық саясатқа қарапайым көзбен қарау мәселесі болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы