386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жаңа оқу жылынан бастап «Өлкетану» курсы енгізіледі

  • 801
  • UPD: 15:34, 26.08.2017

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген оқу курсы Алматы қаласының 5 мектебінде пилоттық жоба ретінде жүреді. Бұл туралы Алматыда өткен мұғалімдердің тамыз кеңесінде айтылды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек: «Жалпы жаңа оқу жылында жастарға сапалы білім беруде негізгі бағыт – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдықтарына негізделуі тиіс», – деді кеңесте.

Алматыда мектепке дейінгі мекемелердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Дегенмен табиғи өсімнің жоғары болуы мен сырттан көшіп келушілердің артуына байланысты балабақша әлі де жетіспейді. Мәселен, биылғы жылдың 7 айында қалада 25 мың 489 сәби дүниеге келген. Қазір 3 пен 6 жастың аралығында 22 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

– Алдағы екі жылда тек жеке инвестордың қаржысы есебінен тұрғын үй кешендерін салу барысында 7 мыңнан астам орындыққа 54 балабақша салынатын болса, оның ішінде 3 мыңға жуық орынға арналған 24 балабақша мемлекеттік меншікке берілетін болады. Ол 23 млрд теңгеден астам мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Рахат Шимашева, қалалық Білім басқармасының басшысы:

–Үштілдік оқуға кезең-кезеңімен көшу өзекті мәселенің бірі. Қазіргі таңда физика, биология, химия, информатика пәндерінің 251 мұғалімі курстан өтіп жатыр. 2017-2018 жаңа оқу жылында аталған пәндерді үш тілде оқыту пилоттық режимде қаланың 33 мектебінде биыл енгізілетін болады. 

Хабар 24 телеарнасы