386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа есім» жобасына 1700-ден астам өтініш түсті

  • 716
  • UPD: 07:43, 27.08.2017

Бүгінгі күнге дейін «100 жаңа есім» жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен 1700-ден астам өтініш түскен.

Бірегей жобаның мақсат-міндеттері туралы Павлодарда өткен жиында сөз болды. Еліміздің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан азаматтың ішінде 200-ден астам павлодарлық бар. Олар – медицина, педагогика, өндіріс саласында еңбек етіп жүрген қарапайым азаматтар. Ел дамуына атсалысқан жас және орта буын өкілдері туралы мәліметтер түрлі интернет ресурстарда жарияланған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобаға қатысушыларды тіркеу жыл соңына дейін жалғасады.

Ержан Бағдатов, бастамашыл топ мүшесі:

- Осындай жобаға қоғамның үлесі керек. Атсалысып, осындай жобаға көбірек қатысу керек деп ойлаймыз. Бұл жобаның мақсаты – қазақстандықтарға жалпы біздің ортамызда жүрген адамдардың істеген жұмыстарын, олардың қандай үлес қосып жатқанын көрсету.

Хабар 24 телеарнасы