384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-ның этнос өкілдері тарихи орындарға саяхаттап жүр

  • 550
  • UPD: 09:47, 27.08.2017

Экспедицияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосу.

Әрі еліміздің қасиетті құндылықтарымен танысу. Олар әуелі үш жүздің басын қосқан «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығына табан тіреді. Мұнда этномәдени бірлестік өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сый жасауды да ұмыт қалдырмады. Бүгінгі таңда өңірде маңызы бар 1 мың 281 ескерткіш есепке алынған. Ал Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне сәулеттік ескерткіш ретінде енгізілген. Автокеруен Отырар төбе қалашығы мен Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралауға аттанып кетті.

Хасан Бациев, шешен-ингуш этномәдени орталығы төрағасының орынбасары:

–Қазақ елінің ең қиын уақытта елдің бірлігімен жау шапқыншылығына төтеп беріп алған жері біз үшін қасиетті саналады. Оны бүкіл Қазақстан халқының азаматтары түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы