loader


Алматы облысының әкімі жетісулық зиялы қауыммен жүздесті

Алматы облысының әкімі Талдықорғанда жетісулық зиялы қауыммен кездесті.

Басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени үдерістер жайы сөз болды. Қазір өңірде «Жетісудың киелі жерлері» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін арнайы кеңес құрылып, 100-ден астам киелі жердің тізімі жасалды. Оның ішінде табиғи саябақтар мен кесенелер, таңбалы тастар және көне қорымдар бар. Сондай-ақ облыс басшысының қолдауымен жыл сайын жетісулық жас ақын-жазушылардың кітаптары мен жыр жинақтары жарық көреді. Тұманбай ақынның орталығы да құрылмақ.

Әміре Әрін, «Жетісу» газетінің бас редакторы: 

- Бүкіл облыстың қоғамдық-саяси өміріне, экономикалық-мәдени өміріне бір саяхат жасалды. Сонымен бірге ардагерлер бар, әр саланың өкілдері бар, жанды сұрақтар берілді де, соған нақты жауаптар алынды. Бұл нені білдіреді? Бұл осы өңірде нәбір ғажап істердің атқарылып жатқанын білдіреді. Талдықорған қаласында Тұманбай атындағы әдеби орталық ашылмақ. Тұманбайдың ескерткіші өзінің туған елінде ашылмақ. Бұл деген мәңгілік елдің мәңгілік жырын, өнерін паш ететін естеліктер болып табылады.

Сондай-ақ...