412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-дан ежелгі шеберлер жұмысқа қолданған құрал-сайман табылды

  • 2170
  • UPD: 23:33, 30.08.2017

Археологтар оңтүстіктегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағындағы «Үшбас төбе» көне қалашығынан бірнеше құнды жәдігер тапты. Қазба жұмыстары кезінде топырақ астынан сүйектен жасалған түтікше шықты.

Оны шеберлер қыш-құмыраларды әрлеуге пайдаланған. Ал шегеге ұқсас үшкір заттар мен біз темір ұстасының таптырмас құралы екен. Сонымен бірге қыз-келіншектер мен әжелерге арналған әшекей бұйымдар да табылды. Ал үшкіл жебе шаһарға тосын шабуыл болғанын аңғартады. Заттардың ішіндегі ең құндысы мыстан жасалған таңбалы тиын. Оның бір бетіне таңба басылса,.. екінші жағына сол кездегі белгісіз тайпа көсемінің суреті бейнеленген. «Бұл біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген «Қаңлы» тайпасының мәдениеті мен өмір сүру салтын көрсетеді» дейді археологтар. Дегенмен қаншама ғасыр өтсе де темір бұйымдар бұзыла қоймаған. Былтыр дәл сол жерден қайрақ тастан жасалған диірмен мен қол орақ табылған еді. Бұл бұйымдар көшпенді халықтың егіншілікпен айналысқанын білдіреді.

Александр Подушкин, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры: 

- Топырақ астынан аршып алынған көне жәдігерлер ежелгі қала тұрғындарының мәдениеті мен экономикалық деңгейінің жоғары болғанын аңғартады. Бұл бұйымдар ел тарихы үшін жағымды жаңалық болмақ.Бағзы заманда өмір сүрген халықтың тұтынған бұйымдары мұражай қорын толытырып қана қоймай, қазақ тарихынының тағы бір жаңа қырын ашып беретініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы