loader


2020 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларация қолданысқа енеді

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2020 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларация қолданысқа енеді.

Мұндай  реформа салық төлеушілердің мемлекетке деген сенімін арттырады. Осыған орай мемлекеттік кірістер ұйымдары өз қызметін салықтық әкімшілікке, оның ішінде тексерулерді қысқартуға бағыттап отыр. Салық қызметкерлері қазіргі таңда камералық бақылау және мониторингтермен айналысып жатыр. Осылайша мемлекет бизнеске толық сенім  артады. Салықтық әкімшілік саясаты Павлодар облысында да оң өзгерістер әкелді. Бірінші жартыжылдықта шағын және орта бизнес  құрылымдарының салықтық тексеру көрсеткіші 40 пайызға төмендеген. Бірақ  жергілікті бюджеттің орындалуына оның еш қатысы  жоқ. Жоспар 10 пайызға артығымен орындалып, салық төлеушілердің белсенділігі артқан.

Галина Бирюкова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің  басқарма басшысы:

- Салық төлеушілердің саны көбейіп жатыр. 2020 жылы күтіліп отырған жалпығы бірдей  декларация қарсаңында біздің әрбір салық төлеушіміз өзінің кірісін нақты көрсететін болады. Сондықтан олар еліміздің экономикасының өркендеуіне жеке үлесін қосу үшін тіркеуден өтуі тиіс.

Сондай-ақ...