448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында кәсіпкерлер саны артады

  • 865
  • UPD: 15:20, 01.09.2017

Ақмола облысында шағын және орта кәсіппен айналысатын адамдардың қатары тағы 1 мыңға көбеюі мүмкін. Бұл сала мамандарының болжамы.

Оған себеп: елімізде жыл сайын бизнеске деген қолдау күшейіп келеді. Мәселен, биыл аймаққа бір ғана «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Осы арқылы өңірде жұмыссыз жүргендерге кәсіпкерлік негіздерін оқытып шағын несиелер беру қаралған.

Жалпы бүгінде Ақмола облысында, 42 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны тұрақты жұмыс істеп тұр. Олар тарапына биыл қазынаға 17 млрд теңге салық төленген. Ал жыл басынан бері аймақта 3 мың адам кәсіпкерлік саласынан екі қолға бір күрек тауыпты. Кәсіп ашқысы келетіндерге «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы да үлкен қолдау болып отыр.

Сандуғаш Алшынбаева, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім жетекшісі:

– Биыл осы бағдарламаның аясында 14 жобаға қолдау көрсетілді. Яғни оларға жалпы сомасы 3 млн теңгенің гранты берілді. Бұл қайтарымсыз көмек. Көбінесе әлеуметтік жобаларға жәрдемдесуге тырысамыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бастамалары да қолдаудан тыс қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы