405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жаңа 4 мектеп қолданысқа берілді

  • 1157
  • UPD: 17:57, 02.09.2017

Жалпы аймақта осы жылы 451 білім ордасында 200 мыңнан астам оқушы оқитын болады. Солардың 26 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

Сондай-ақ үстіміздегі жылы өңірдегі 62 оқу ордасы биология, физика, химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастайды. Пилоттық жоба 7,8-ші сынып оқушылары арасында жүргізілмек.

Айта кету керек, аймақта үш ауысымда жұмыс істейтін 5 мектеп бар. Оны шешу үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жергілікті билік өкілдері: «2018-ші жылы бұл мәселе толығымен шешіледі», – деп отыр.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

Көптеген мектеп салынып жатыр. Биылдың өзінде 6 миллиард 400 миллион теңгеге 20 нысан соғылып жатыр. Сол 20 нысанның 11-і биыл жыл аяғына дейін бітеді. Міне оқу жылының басында 5 мектеп толығымен бітті. Бұл дегеніміз жаңа мектептерде балалардың сапалы білім алуы, олардың осы жерде тәрбиеленуі үшін үлкен жұмыс атқарып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы