422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Батыр бабалар» мемориалы ашылды

  • 2155
  • UPD: 19:42, 02.09.2017

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында Алматы облысы Қарасай ауданында «Батыр бабалар» мемориалы ашылды. Бұл облыс үшін ғана емес, барша Қазақ елі үшін маңызды оқиға. Өйткені бұл мемориалда сонау сақ дәуірінен бастап, тәуелсіздікке дейінгі ел тарихы туралы экспозиция құрылған.

Президент мақаласына сәйкес Алматы облысы Қарасай ауданында бой көтерген мемориалда ел тарихында есімдері мәңгі сақталған хандар мен билердің, баһадүр батырларымыздың ерлігін нәсихаттайтын құнды дүниелер, тарихи деректер, портреттік галереялар сыр шертеді. Мұражайдың ашылуына облыс және аудан басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

Амандық Баталов, облыс әкімі:

– Мына жерге қаншама адам келіп тағзым жасайды. «Өзімнің тарихымды білемін» деген адамдар келеді. Шетелден қонақтар келсе, қазақ кім екенін, жеріміз қандай болғанын, тарихымызды біліп кетеді. Елбасының арқасында осындай істер атқарылып жатыр.

Мемориалдың ішкі көркемдік безендірілуі, тарихи жәдігерлерді ерекше орналастыруы экспозициямен танысу барысында ұмытылмастай әсер қалдырады. Сақ дәуірінен бастап тәуелсіздікке дейінгі тарихымыз кезең кезеңімен суреттеліп, арнайы орнатылған электронды қондырғылар арқылы бейнефильмдерді де тамашалауға болады.

Шәміл Қожаханов, көркемдік-безендіру жұмыстарының басшысы:

– Үш айдың төңірегінде жұмыс жүрді. Біз негізінен дайын ғимаратқа келдік. Осының ішін жасау керек болды. Қалай болып шыққанын көріп жатырсыздар. Мынау негізгі төрт құлақ. Жобаның салынуына облыс әкімшілігінен бөлек жеке кәсіпкерлер де демеушілік жасап, құрылыс жұмыстарына барлығы 465 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Артына өшпес із қалдырған батыр бабаларымыздың есімдері ұлтына ұран болып мәңгі жасай бергей.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы Мұхит Құдықбаев 

Хабар 24 телеарнасы