419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолалық оқушылар сабақтан тыс уақытта туған жердің табиғатына саяхаттайды

  • 2374
  • UPD: 18:56, 05.09.2017

Ақмола облысында мектеп жасындағы балалардың барлығы биыл сабақтан тыс аймақтың тарихын меңгеріп, табиғатын тамашалайды. Мұндай бастама Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылмақ.

Атап айтсақ, бағдарламаның «Туған жер» бағыты бойынша «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым», «Кітап – білім бұлағы» және «Өлкетану» тақырыптарында түрлі танымдық дәрістер мен бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, алғашқы үш тақырыпта байқаулар, семинарлар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылса, «Өлкетану» кезеңінде балалар, тарихи орындарға зиярат етіп, ұлттық табиғи парктерге саяхат жасайды. Қазірдің өзінде оқушылар, Зеренді ауданын аралап үлгеріпті. Бұдан бөлек, 500 баланың қатысуымен музыкалық аспаптар шеруі де өткізілген. Ал, осы айдың аяғында СадОвое ауылында жас туристер слеті болады. Онда балалар тек спорт пен туристік машықтан сынға түсіп қана қоймай, өздерінің туған жерлерін өлеңге өзек етеді. 

Арман Өмірзақов, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының жетекшісі: 

- Біздің балалар, қосымша шығармашылық енгіздік. Сонда өздерінің творчестволарын көрсетіп және әндетіп, өлеңдетіп, өз ойларын, еліне деген сүйіспеншілігін, соны айтып шығады. 

Дина Шәріпова, дарынды балаларға арналған облыстық оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі:  

- Ақмола облысы бойынша барлық балалар мен жастарды қамтитын боламыз. Ол, ең біріншіден, мектеп ішінде өткізіледі бұл байқаулар. Содан кейін аудандық, содан кейін барып облыстық кезеңге көшеді. Облыстан кейін біз ары қарай республикада өзіміздің бағымызды сынаймыз.

Хабар 24 телеарнасы