386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы жылыту маусымына 97 пайызға дайын

  • 735
  • UPD: 07:35, 06.09.2017

Бүгінгі күнге дейін 463 қазандықтың 462-і сақадай сай тұр.

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары мәлімдеді. Жалпы өңірдегі 1 609 көпқабатты тұрғын үйдің қысқа дайындығы 92% болып отыр. Ал білім, денсаулық және мәдениет саласының нысандары толығымен әзір. Бюджеттік мекемелер отынмен 73% қамтылды. Ал Шу, Қаратау, Жаңатас моноқалаларына қажетті отын алуға облыстық бюджеттен 300 млн теңге қарастырылған.

Айта кету керек, Шу қаласындағы «Шу – жылу» қазандығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Оған 280 млн теңге жұмсалмақ.

Князь Тұртаева, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір бу қазандықтарын газбен істейтін қазандықтарға ауыстырылып жатыр. Үш қазандық әкелініп қойды. Монтаждау жұмыстарына дайындық жүрізілуде. Келісімшартқа сәйкес бұл жұмыстарды желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Жылыту маусымы қазан айының 15-інен басталады.

Хабар 24 телеарнасы