389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қыркүйек Павлодарда киелі жерлерге саяхат жасау айы болып белгіленді

  • 700
  • UPD: 09:25, 06.09.2017

Қазір өңірдің зиялы қауым өкілдері қасиетті орындардың картасын түзуді бастап кеткен.

Әзірге тізімде зерттеуді қажет ететін 66 тарихи орын бар. «Қасиетті жерлер картасы» бір айдан кейін дайын болады. Жергілікті «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің сарапшылар тобы зерттеу экспедициясын жасақтады. Олар аймаққа қатысты тарихи тың деректер мен этнографиялық мағлұматтарды жинайды.

Қайрат Баттал, С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» институтының басшысы:

- Бұған негізі 4 критерий бойынша киелі жерлер, орындар кірді. Біріншіден бұл мына ежелгі және орта ғасырлардағы ғибадат етілетін жаңағы әртүрлі үңгірлер, петроглифтердің жинақталған жерлері және қорымдар кірген. Сонымен қатар Сақ қорғандары, облысымыздағы қола дәуіріндегі ескерткіштер көптеп кіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы