386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрық порты құрылысының екінші кезеңі биыл аяқталады

  • 804
  • UPD: 11:29, 06.09.2017

Құрық портын салудың екінші кезеңі биыл аяқталады.

Бұл тәуелсіздік күніне жасалған тарту болмақ. Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшылармен кездесуінде осылай деді. Өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бейнеу-Ақжігіт» және «Шетпе-Ақтау» көлік жолдарын жөндеу мен Құрық портының құрылысына басымдық берілген. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Транс-каспий халықаралық көлік бағдарының маңызды түйіні саналатын жоба нысандарын аралап, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Порт аумағында 114 ғимарат бой көтеріп келеді. Автомобиль паром өткеліне көлік жолын тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр іске қосылған өткел тәулік бойы вагондарды қабылдап, өткізуде. Бүгінге дейін 756 мың тонна жүк қабылдап-жөнелтсе, келер жылы бұл көрсеткішті 3 млн тоннаға жеткізу жоспарда бар. Жалпы құрылысқа 200 мамандық бойынша мыңға жуық адам тартылған. Олардың 600-ден астамы жергілікті тұрғындар.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Биылғы жылдың аяғына дейін 1 млн 300 мың тонна жүк паром арқылы өткізіледі. Енді автокөлік желісі нысандары бойынша жұмыстардың қарқынын арттырып, ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға беруді қамтамасыз ету керек.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Жергілікті жердегі азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін міндетті түрде оларды қайта оқыту, арнайы оқу орындары бар. Соған байланысты оларды толықтай өткізуге біз дайынбыз. Қажетті мамандықтар бойынша мына азаматтардың бізге ұсынған ұсыныстарын қабылдап, қажетті көлемде беруге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы