425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 27 отбасы баспаналы болды

  • 859
  • UPD: 22:45, 10.09.2017

«Нұрлы жер» бағдарламасы өңірлерде жемісті жүзеге асып жатыр. Мысалы, Ақтөбеде аталған бағдарлама шеңберінде салынған алғашқы 9 қабатты үй халық игілігіне тапсырылды.

Жалпы аумағы 4 мың шаршы метрге жуық баспананың тең жартысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына берілді. Жаңа шағын аудандағы пәтерлердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеге бағаланды.

Көппәтерлі үйді тұрғызған кұрылыс компаниясының өзі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған. Мемлекет тиімді жол ұсынғаннан кейін компания пәтер бағасын қолжетімді қылған. Нәтижесінде 27 отбасы баспаналы болды.

Сексен Ұзақов, қала тұрғыны:

– «Батыс-2» шағын ауданынан пәтер алдық. 7 жыл жинап, пәтерге қол жеткізіп жатырмын. Өзіме ұнайды. Қазіргі таңда бұл халыққа өте тиімді бағдарлама. Көптеген жас отбасы баспаналы болып жатыр

Хабар 24 телеарнасы