384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Қазақстанда 53 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

  • 1017
  • UPD: 11:33, 12.09.2017
Оңтүстік Қазақстанда 53 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды 7kun.kz

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев әкімдіктің кезекті селекторлық жиынында хабарлады.

Басқарма басшысы хабарлағандай, осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 38 413 орынды құрады.

«Мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде өңірде 4 584 адам техникалық және кәсіптік білім алып жатса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 9 682 адам 89 мамандық бойынша жолданды», – деді ол.

Баяндамашыны тыңдаған әкім басқарма басшысына 15 мамандық бойынша қажеттілігіне сай ауыл тұрғындарын оқытып, кәсіпке бейімдеуді тапсырды.

«Аталған 15 мамандық бойынша, яғни токарь, темір, ағаш ұстасы, электрші, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейім азаматтарды ауыл әкімдері тауып беруі керек. Бұл жоба нақты жүзеге асқанда азаматтар жұмыспен қамтылып, ауылдағы өмір сүру жағдайы қала өркениетіне бейімделер еді. Осылайша ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтеретін боламыз»,деді Ж.Түймебаев.

Ауыл тұрғындарының кәсіби мамандануынан бөлек, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жайын да назардан тыс қалдырмаған аймақ басшысы әрбір аудан орталығы мен ауылдық округтерде ангар типті спорт алаңшаларын салу қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол модульді спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық Мақаласында айтылған «Туған жерге тағзым» аясында ел азаматтарын шақыру арқылы жүргізу керектігін еске салды.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аймақтағы елді мекендер мен көпқабатты үйлердің аулаларында жыл басынан бері 57 спорт алаңшалары пайдалануға берілсе, оның 20-ы демеушілер есебінен салынған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Хабар 24 телеарнасы