422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құлжабай би кесенесі жаңғыртылды

  • 1507
  • UPD: 18:40, 12.09.2017

Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Қарашоқы ауылында Құлжабай би кесенесі жаңғыртылды.

Алтынемел баурайындағы бұл жерлерді кезінде Ақбұйым Құлжабай би Абылай ханның шөбересі Тезек төреден сұрап алған деседі. Осылайша бір кездері Балқаштың жағасынан Күреңбелге бет алған көш бүгінде бір қауым елге айналды. Ұрпақтары Ақтаудың ақ тасынан барша елдің басын біріктіріп, Құлжабай баба кесенесін тұрғызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан аталған шараны тамашалауға жиналған халық Кербұлақ ауданының өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама мен бәйгені және балуандар белдесуін де тамашалады. Аламан бәйгеде Жамбыл облысының Қордай ауданынан келген Айдар Нұрмұхамбетовтың аты өзгелерден оқ бойы оза шауып, иесіне кезекті темір тұлпардың кілтін сыйласа, қазақ күресінен өткен сайыста еркін күрес шебері Нұрғали Байтарақов түйе балуан атанды.

Нұрғали Байтарақов, еркін күрестен спорт шебері:

- Еркін күреспен 6 жасымнан бастап айналысамын. Өзіміздің ұлттық спорт болғаннан кейін барлық қазақ балуандары осы күресті білуі тиіс деп ойлаймын. Үш жылдай болды қазақ күресімен той-томалақтарда күресіп, бағымды сынап жүргеніме. Чемпион болғаныма қуаныштымын.

Нұржұман Ықтымбаев, ҚР Халық әртісі:

-Той құтты болсын! Сондықтан халқыма, еліме, осы жердің азаматтарына мың да бір рахмет! Өйткені оны ұйымдастыру оңай емес.

Хабар 24 телеарнасы