386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында дәстүрлі музыкалық мәдениетінің электронды сайты әзірленіп жатыр

  • 685
  • UPD: 10:09, 13.09.2017

Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа облыстық драма театры, өлкетану музейі мен үш жүз мың дана кітап сиятын орталық кітапхана салынады. Бұл туралы «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыруға бағытталған кеңесте аймақ басшысы Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Сондай-ақ өңірдің рухани мұрасын дәріптеу мақсатында «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атты аймақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетінің электронды сайты әзірленіп жатыр. Веб-парақша ән, күй, жыр-термелер мен бейнемұрағат бөлімдерінен тұрады. Мұнда Сүгір жыраудың өз даусымен жырлаған «Қырымның қырық батыры» жыры және Абыл Тарақұлы, Есір Айшуақұлы сияқты күйші-жыршылардың көпшілікке беймәлім 200-ге жуық музыкалық мұрасы енгізіледі. Авторлары мен орындаушылар туралы мәлімет беріліп, шығармалардың тарихы баяндалады. Туындылар тазаланып, сандық форматқа көшіріліп, жұртшылыққа ұсынылады.

Сұлтанбек Құдайберген, жоба авторы:

– Және осы музыкалық шығарманың нотасы қоса беріледі. Сонда біздің пайдаланушыларымыз белгілі бір күйді, әнді тек қана тыңдау арқылы емес, енді нота арқылы да үйренуге мүмкіндік бар. Біздің жобамыз бойынша жылына 35 мың пайдаланушы сайтымыздың материалдарын пайдалана алады деген ойдамыз. Мұндай жобаланың мақсаты – тек қана бір өңірдің мектебін, бір өңірдің мәдениетін насихаттау емес, осы Маңғыстау сияқты қазыналы түбекке шоғырланған ұлтымыздың аса бай материалдық мұраларын баршаға қолжетімді етіп, жалпыұлттық брендіне айналдыру.

Хабар 24 телеарнасы